Алматыда күзетшілер бірнеше айдан бері маңдай тер ақыларын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда күзетшілер бірнеше айдан бері маңдай тер ақыларын ала алмай жүр

Алматыда күзетшілер бірнеше айдан бері маңдай тер ақыларын ала алмай жүр

Алматыда тағы жалақы дауы. Бұл жолы наразылық білдірген - күзетшілер. Қаладағы ірі күзет компаниясында қызмет ететін олар бірнеше айдан бері маңдай тер ақыларын ала алмай жүр. Ал басшылықтың әне берем, міне берем деген әңгімесіне 3 айдан асқан.

  • 17 Қараша 2012
  • 512
Фото - Caravan.kz

Айлап айлық алмаған азаматтар есерліктен есік теуіп жатқан жоқ. Еткен еңбектің ақысын алмақтың амалы. “Асар-С” дегенкүзет компаниясының қызметкерлері 3 айдан бері кеңселеріне келіп, тыста тұрып қайтады осылай. Өйткені жұмыс орнындағы басшы біткеннің бұлармен сөйлесуге құлқы жоқ. Қаладағы жүйке жүйесі ауруларына шалдыққандар ем қабылдайтын диспансерді қорыған жігіттердің теңгесіз тарыққаны аздай, жұмыстан шығайын десе де құжаттары қолдарына тимей отыр екен.

Бауыржан Сапарбаев, күзет агенттігінің қызметкері:

Ақшаны мен маусым мен шілдеде ала алмадым, алдыңғы айда ғана алдым. Жалақының артынан үнемі жүгіресің де жүресің. Тәкен Дастанұлы деген қазір бізден қашып жүр. Ауруханада көрінеді, ол жаққа барсақ жоқ екен. Білмейміз қайда екенін.

Айлық алмаған азаматтарға ай сайын 5-10 мың теңгеден тамыздық беріп алдап қоятын көрінеді агенттік. Бірақ етілген еңбектің түгелімен қашан төленетіні белгісіз. Кеңсе қақпасындағы қара құлып қана қарсы алатын бұларды.


Берік Арыстанбеков, күзет агенттігінің қызметкері:

Екінші жеті болды жұмыссыз отырмыз. Ақша береміз дегендеріне екі жетіден асып барады. Бүгін бас директор береміз деген, соған жиналғанбыз, бірақ ақша берілмеді.

Күзет агенттігінің жігіттері бір күні өз кеңсемізді осылай күзетер күн туады деп ойламаса керек. Ал ғайыптан сырқаттанып, қолға түспейтін басшы бүгінде ізім ғайым жоқ.

Ешкім жоқ, бағана көрдіңдер ғой көздеріңше кетіп қалды.

Күнде ертең деген ертегіден мезі болған тепсе темір үзетін жігіттер міне қара кешке дейін кеңсе алдын торуылдап кетті. Ал басшылық сол күйі төбе көрсетпеді. Дегенмен айлап айлық көрмеген азаматтар бел кеткенше беріспейміз, айлығымызды алғанда ғана көңіліміз көншиді деп тарқасты бүгінге.

Соңғы жаңалықтар