Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.77
  • 548.62
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді

Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді.

  • 3 Ақпан
  • 10
Фото: ЖИ

Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда дүбірлі доданы Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын. Бірақ өткен айда Сауд Арабияның Олимпиада мен Паралимпиада комитеттері және Азия Олимпиада кеңесі бұл жоспардың белгісіз уақытқа кейінгі шегерілгенін мәлімдеді.

Осы аптада, яғни 5 ақпанда биылғы Олимпиаданы өткізіп жатқан Италияның Милан қаласында Қазақстан мен Азия Олимпиада кеңесі ресми келісімді рәсімдеуге ниетті.