Әлеуметтік желіде Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген күдіктінің видеосы тарап жатыр.
Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25-шағын ауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болған. Кадрларда ер адамның күзетшіні қолымен, аяғымен аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Тіпті басына секіргенін байқауға болады. Мұнымен қоймай, оны көлгімен үш мәрте басып өткен.
Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысқан. Содан кейін 14-қабаттағы өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болыпты.
Полиция қызметкерлері оған жол бермей, күдіктіні ұстаған.
Журналист Полина Шиманскаяның желіге жазуынша, марқұмның артында үш кішкентай баласы қалды.