Алматыда қызылша жұқтырғандардың 62%-ы – балалар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қызылша жұқтырғандардың 62%-ы – балалар

Алматыда қызылша жұқтырғандардың 62%-ы – балалар

Мегаполисте қызылшаның 3257 расталған жағдайы тіркелді

  • 4 Шiлде
  • 9
ФОТО: baq.kz - архив

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 772 адам қамтылды. Қызылшаның 3257 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2008 жағдай (61,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 167(5,1%) және ересектер арасында – 1082 (33,2%). Балалар арасындағы аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.