Алматыда лаңкестермен атыс кезінде баспанасы бұзылғандар өтемақы ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда лаңкестермен атыс кезінде баспанасы бұзылғандар өтемақы ала алмай жүр

Алматыда лаңкестермен атыс кезінде баспанасы бұзылғандар өтемақы ала алмай жүр

Алматы іргесіндегі «Таң» саяжайының тұрғындары күш құрылымдарының арнайы операциясы кезінде бұзылған баспаналары үшін әлі күнге өтемақы ала алмай жүр. Былтыр тамыз айында мұнда кескілескен ұрыс жүріп, лаңкестік топтың көзін жойылған болатын. Қаскөйлер жалға алған үй жермен-жексен болса, көршілес үш баспанаға айтарлықтай зақым келген. Енді сол бүлінген үйлерді қалыпқа келтіруге не Ұлттық қауіпсіздік комитеті, не әкімдік құлық танытпай отыр.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz

2012 жылдың 17-ші тамызы бұл. Таң атысымен «Таң» саяжайында лаңкестерді құрықтаймыз деп арнайы жасақтың қарулы қарсылығына тап болған көрінісі. Ахмедовтар жанұясы күні бүгінге дейін сол сәтті үреймен еске алады.

Мынаның барлығы гранометтың ізі. Барлығы былай қарай кетіп, автоматтың оқтары. Мына жер тура соғыс болып жатқандай болды.

Сол жолғы арнайы операцияда күш құрылымдары 9 лаңкестің көзін жойған болатын. Атыс-шабыс кезінде қаскөйлер тығылған үй жермен жексен болса, сол маңдағы тағы үш баспанаға айтарлықтай зақым келген.

Әділхан Ахмедов, саяжай тұрғыны:

— Арнайы операция жасайтындар бүкіл іс жүргізетін адамдар үлкен үйдің төбесіне шығып кетті, крышаның бәрін тесті. Сосын аналар берілмегендіктен оқ жаудырды, есіктен, терезеден, бәрінен. Сосын мына жер жарылды.

Лаңкестер ордасын шабуыл жасалмас бұрын құзырлы орындар тұрғындардан қолхат алыпты. Сол кезде дүние-мүліктерің бүлінсе толық көлемде өтемақы төленеді деп уәде берген.

Жойқын жарылыс тура 1 жыл бұрын осында орын алған еді. ҰҚК 9 лаңкестің көзін жою үшін осындай қадамға барғандарын айтады. Десе де зейнеткерге 2 қабатты зәулім үйін «қалыпқа келтіріп береміз» деген уәдесі әлі күнге дейін бос сөз күйінде қалып отыр. 16 млн. теңгеге бағаланған коттедждің сыйқы мынау.


Ахмедовтар сынды жапа шеккен тағы екі жанұя бар. Барлығы атыс кезінде келтірілген материалдық шығынды өндіре алмай жүр. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ақшаны жергілікті әкімдік төлейді десе, мұндағылар облыстағы басшыларына сілтеді.

Мақсат Жанұзақов, Қарасай аудандық әкімдігінің бөлім бастығы:

Бұл жөнінде екі кісі шағымданып, заңды жауабын алған. Жауабында көрсетілген аудан бюджетінде осындай төтенше жағдайға ақша қарастырылмаған деп жауап берілген.

Шенеуніктер осылай бір-біріне сілтеп жергенде жапа шеккен жұрт өтемақыны кімнен дауларын да білмей қалған. Ал күдер үзгендері жөндеу жұмыстарын өз ақшасына жасатып жатыр.