Алматыда лас гаражда дайындалған энергетикалық сусындар дүкендерде сатылып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда лас гаражда дайындалған энергетикалық сусындар дүкендерде сатылып келген

Алматыда лас гаражда дайындалған энергетикалық сусындар дүкендерде сатылып келген

Алматыда энергетикалық сусындарды дайындайтын жасырын цех анықталды. Заңсыз бизнеспен айналысқан азамат Жетісу ауданында орналасқан гаражда шаруасын дөңгелетіп келген. Күніне жүздеген шөлмек сусын жасайтын ол дайын өнімдерді қаладағы дүкендерге өткізіп отырыпты. Сорақысы сол, сусындар лас жерде дайындалған. Сондай-ақ оларға қосылатын сұйықтықтардың құрамы да әзірге белгісіз.  

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Көлеңкелі кәсіпті нәсіп еткен бұл азаматтар шағын гараждың ішінде түрлі сусындарды дайындап келген. Сөйтіп, бір жыл бойы заңсыз табыс тапқан. Тазалық талаптары сақталмаған астыртын цехта танымал энергетикалық және газдалған сусындар қолдан құйылыпты. Қажетті сұйықтықтарды сырттан сатып алып отырған. Ал оған қосылатын су кәдімгі құбырдан алынған.

Жасырын цехта бір ғана адам жұмыс істепті. Өзбекстан азаматы энергетикалық сусындарды да жасап отырған. Бұл жерді тінту барысында түрлі құрылғылар мен сусындардың бос шөлмектері, қақпақтары және дайын өнімдер тәркіленді. Сондай-ақ құрамы белгісіз сұйықтықтар табылды.

Дәулет Ақылбеков, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті бастығының орынбасары :

-Керекті сараптамалар тағайындалды. Әрине, пластмасса канистрда сироптар. Олар денсаулыққа қайшы келетінін сараптама көрсетеді.

Оңай олжаны көздегендер дайын өнімдерін дүкендерге арзан бағамен өткізіп отырған. Қазір көлеңкелі бизнесті ұйымдастырушы кәсіпкер ұсталып, іс қозғалды. Алайда сапасыз сусындарды сатқан азамат айыппұл төлеп құтылуы мүмкін. Себебі заңда мұндай қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылмаған. Тергеушілер сондай-ақ, сылдыр су мен сироп қана араласқан қанша сусынның сатылып кеткенін де анықтауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар