Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді орындау аясында Алматыда дөңгелек үстел өтті. Жиынды «Нужный кадр» әлеуметтік және шығармашылық бастамалар қоры қоғамдық қоры өткізді.
«Сайтта мағлұмат толық болады. Атап айтқанда, әр кездесу, фото видео барлығы жарияланады. Яғни, ортақ сұхбат алаңын жасау мақсат болып отыр. Оған әр адам қатысып пікір білдіре алады», — деді қор үйлестірушісі Наталия Береза.
Айта кету керек, мұндай дөңгелек үстел Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. 9 қазанда Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдаған болатын.
Онда Елбасына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, әзірленген қазақ тілінің латын графикасына негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.