Алматыда «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» атты жиын өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» атты жиын өтті

Алматыда «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» атты жиын өтті

Мемлекет басшысы кешегі аптада қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл тарихи оқиғаға қолдау білдіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі жиындар өтуде. Солардың бірі Алматыда М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында өтті.

  • 30 Қазан 2017
  • 195
Фото - Caravan.kz

Оқу орнының студенттері мен профессорлар құрамы «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» тақырыбында ой қозғап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған басым бағыттарды да талқылады.

Кездесу барысында студент жастарға қазақ қоғамындағы тіл саясатының тарихы, бүгінгі қазақ тілінің деңгейі туралы ақпараттар беріліп, латын әліпбиіне көшу барысының  артықшылықтары баяндалып, ауыл шаруашылығы мамандықтарына  латын әліпбиінің қажеттілігі туралы мәліметтер келтіріліп, пікірлер айтылды.

Жастардың осынау маңызды реформаға қатысты пікірлерін білу мақсатында студенттерге сұрақтар қойылып, латын әліпбиінің бүгінгі жағдайы мен болашағын қалай елестете аласыз деген тақырыппен еркін микрофон сәті ұйымдастырылды.


Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 27 қазан күні қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Яғни, енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кезең-кезеңмен кирилден латын қарпіне көшетін болады.

Соңғы жаңалықтар