Алматыда лизинг саласының Қазақстандағы даму жағдайы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда лизинг саласының Қазақстандағы даму жағдайы талқыланды

Алматыда лизинг саласының Қазақстандағы даму жағдайы талқыланды

Бүгін, 20-сәуірде Алматыда "Лизингтің Қазақстандағы дамуы" тақырыбында конференция өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 1910
Фото - Caravan.kz

Шараны шағын бизнес департаменті ЮСАИД-тың Қазақстанда лизинг саласын дамыту жөніндегі (ЮСАИД/IFC) және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі (ЮСАИД/EDP) жобаларымен бірлесе ұйымдастырды.

Бас қосу өндіріс саласымен шұғылданушы кәсіпкерлерге лизингтік компаниялардың қызметін тұтынудың артықшылықтарын насихаттау мақсатын көздейді.
Алматы қалалық шағын кәсіпкерлік департаментінің директоры Серік Тұржановтың айтуынша, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясында негізгі қорды жаңалау және елімізде өндіріс секторын дамыту мақсаты қойылғаны белгілі. Әсіресе Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге ниет білдіріп отырған қазіргі кезеңде оның маңызы зор. Шағын және орта бизнес саласында аталмыш міндетті жүзеге асырудың ең тиімді тетігі лизинг болып табылады, дейді С.Тұржанов. Оның пікірінше, Қазақстанда лизингті дамытуға қолайлы жағдайлар толық жасалған. Ал ол өз кезегінде әділетті бәсекелестікті дамытуға түрткі болумен бірге, лизингтік қызметтердің сапасын арттыруға да жол ашып отыр.
Сондай-ақ, бас қосуда Қазақстанда лизинг саласын дамыту жөніндегі жобаның жетекшісі Амангелді Омаров сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қосалқы құн салығынан босатылатын импорттық негізгі құралдар тізіміне қатысты проблема айрықша өзекті болмақ. Тізімге жуырда қол қойылады деп күтілуде. Оған мұнайгаз саласы, азық-түлік өнеркәсібі, баспахана ісі т.б. салалардағы өндірістік жабдықтар қамтылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір елімізде 19 лизинг компаниясы жұмыс істейді. Олардың 8-і отандық коммерциялық банктердің салалық компаниялары болып табылады. Қазақстанда лизинг саласын дамыту жөніндегі жоба сарапшыларының бағалауынша, 2004-жылы елімізде лизингтік қызмет түрлерінің көлемі шамамен 170 млн. долларды құрайды. Соңғы уақыттарда заңнамаларға лизинг процедурасын жеңілдетуге, соның ішінде проценттік сыйақыларды анағұрлым төмендетуге, салық жеңілдіктері аясын кеңейтуге бағытталған өзгерістер енгізілді.
Бас қосуға еліміздің жетекші лизингтік компаниялары қатысып, олар осы саладағы қызмет түрлері туралы, потенциалдық лизинг алушылар болып табылатын шағын және орта бизнес өкілдерінің, бизнес қауымдастықтардың, Қазақстанда лизинг саласын дамыту жөніндегі жоба өкілдерінің лизинг жөніндегі мәмілелерін қаржыландыру шарттары туралы ақпаратпен бөлісті.
Жобаны Халықаралық қаржы корпорациясы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің қаржылық қолдауы негізінде жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар