Алматыда ломбардты бұрынғы басшысы тонады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ломбардты бұрынғы басшысы тонады

Алматыда ломбардты бұрынғы басшысы тонады

Алматыда ломбардқа қарулы шабуыл жасалды. Күдіктілердің бірі бұрынғы ломбард басшысы болып шықты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 26 Тамыз 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz


Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктілердің біреуі ломбардтың қауіпсіздік қызметі туралы әрі бөлмелерінің орналасуын жақсы білген. Ол ломбардты осыдан бірнеше ай бұрын сатып жіберген бұрынғы қожайыны болып шықты.  

«Қаруланған екі адам медициналық маскамен ломбардқа кіріп, кассирді тапанша тәріздес құралмен қорқытып, кассадағы бар қаржыны алып кеткен. Олар барлығы 204 мың теңге мен құны 3 млн теңге болатын алтын бұйымдарды олжалаған. Күдіктілердің кім екендігін бірнеше сағаттан соң полиция өкілдері анықтады. Таңға жуық олар ұсталды. Олардың кеңсесінен табылған алтын бұйымдар тергеу материалдарына тіркелді. Қазір екеуі де жасаған қылмысын мойындап отыр», — деді Алматы қалалық ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиадин. 
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192 бабы бойынша соталды тергеу ісі басталды.

Соңғы жаңалықтар