Леонид Гирш — Сталинград шайқасына қатысушы, бес орденнің және 35 медальдің иегері, соғыс кезеңі туралы көптеген еңбектердің авторы. Туынды Сталинград шайқасына қатысқан ерлердің естеліктерінің, сталинградтық жауынгерлер туралы құжаттар мен очерктердің, қазақстандық және ресейлік ақындардың өлеңдерінің, майдан хаттарының негізінде жазылған.
Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер басшылары, жастар өкілдері және РФ-ның Алматы қаласындағы дипломатиялық өкілдігінің мүшелері шақырылып отыр.