Ауданы 300 шаршы метр, 15 сотық аумақты алып жатқан екі қабатты ғимарат Жароков және Өтепов көшелері қиылысында көп бейінді аурухана мен Республикалық қан құю орталығы маңында орналасқан.
ЖШС қызмет көрсетулері – патологиялық-анатомиялық зертеу жүргізу: мәйітті сою, мүрдені сақтау, медициналық сараптамалар жүргізу.
Мәйітхана иесі 110 миллион теңге сұрайды.
"Ғимаратты түгелдей жөндеуден өткіздік. Былтырғы қыркүйек айынан бастап қызметін тоқтатқан", — деп түсіндіреді хабарландыру авторы.
Хабарландыру 25 шілде күні шығыпты, қазір сайттан жойылған екен.