Алматы қалалық «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы орталық кеңесінің (ДШСҚ ОК) ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп жатқан спорттық шараға еліміздің әр облысынан 160-тан астам бала қатысуда.
«Шараның мақсаты — жас жеткіншектер арасында спорттың мәнерлеп сырғанау түрін кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, сонымен қатар жас ұрпақтың денешынықтыру болмысын қалыптастыру, жалпы көпшілікті спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып табылады», — дейді жарыстың ұйымдастырушылары.
Республикалық ашық біріншіліктің жеңімпаздары 30 наурыз күні өтетін жабылу рәсімінде марапатталатын болады.