Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні Райымбек даңғылының бойында белгісіз көлік 54 жастағы ер адамды қағып кеткен.
«Он бес минуттан кейін «Алғабас» ауылында құйғытып бара жатқан «ГАЗ-2410» көлігі жол полициясы экипажының назарына ілігеді», — деп хабарлайды қалалық ЖПБ бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев, делінген хабарламада.
Оның айтуынша, көлікті тоқтатқан кезде «рульде отырған мас жүргізуші сылқ етіп жерге құлап түсті».
Ешқашан көлік айдап көрмеген жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.