Жүлде қоры 1 миллион 480 мың теңгені құрайтын бұл байрақты бәсеке ҚР Бильярд спорты федерациясының 20 жылдығына арналып отыр. Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Ю.Черванев бастаған қазылар алқасы төрелік жасайды. Онда бірінші орын алған спортшыға — 740 мың теңге, екінші орын алғанға — 444 мың теңге, ал үздік үштікті түйіндегенге 296 мың теңге беріледі.
Бұл байрақты бәсекенің алғашқы күні қатысушылар тіркеліп, төрешілер семинары мен жарыс жеребесі тартылады. ҚР Бильярд спорты федерациясы кубогы иегерінің есімі 1 шілде күні болатын ақтық сында белгілі болады.