Алматыда маскүнемдік салдарынан бір тәулікте үш бірдей кісі өлімі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда маскүнемдік салдарынан бір тәулікте үш бірдей кісі өлімі тіркелді

Алматыда маскүнемдік салдарынан бір тәулікте үш бірдей кісі өлімі тіркелді

Алматыда бір тәулікте үш бірдей кісі өлімі тіркелді. Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, ауыр қылмыстардың барлығы да мас күйінде жасалған.

  • 27 Ақпан 2004
  • 750
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Бостандық ауданында тұратын 67 жастағы еркек әйелімен бірге бір жартыны бөліп ішкеннен кейін кикілжің шығарып, оны тамағынан пышақпен жарақаттаған. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем тобының дәрігерлері 60 жастағы әйелдің өлімін тіркеді.

Қаланың осы ауданында тағы бір кісі өлімі шықты. Кешкі сағат 7-де Брусиловский көшесіндегі бір пәтерден «03» пультіне шақыру келген. Оқиға орнына келген дәрігерлер пәтерден қансырап қалған 45 жастағы еркекті тапты. Зардап шеккен еркек 12-ші қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Бірақ ол есін жимаған күйде ауруханада көз жұмды. Пәтерде болған 30 жастағы еркектің айтуынша, үй қожайынымен бірге шөлмек босатқаннан кейін екеуінің арасында төбелес шыққан. Жаңжал барысында ол үй қожайынын арқасынан пышақтап алған көрінеді. Қазір пышақ кісі өліміне айғақзат ретінде алынып, күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Үшінші кісі өлімі Чехов көшесінің бойындағы бір үйде болған. Қалалық ІІББ-ның орталық оперативтік басқармасының пультіне автокөліктен кісінің мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел тергеу тобы қайтыс болған адамның аты-жөнін анықтап, оның қаладағы ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып істейтін Алматы тұрғыны екені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы әлгі адамның басынан қатты соққы тию салдарынан мерт болғанын көрсетіп берді. Бірнеше сағаттан кейін кісі өліміне қатысы бар күдікті анықталып, 36 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Тұтқынның айтуынша, соның алдында ғана жолдасымен арақ бөліп ішу барысында жаңжал шыққан. Даудың соңы төбелеске ұласып, әлгі жігіт жолдасын металл тұрбамен ұрып жіберсе керек. Ақыры оны өлтіріп тастағанын білген әлгі оқиға орнынан бой тасалап үлгереді. Сөйтіп, кісі өлтірген тұтқын қалалық уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар