Шараны Мажарстанның Алматыдағы Бас консулдығы Олег Борецкийдің киноклубымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Фестиваль бағдарламасы бойынша онда "Соңғы монтаж, ханымдар мен мырзалар!" ("Final Cut: Hölgyeim és uraim", 2012), "Мефисто" ("Mephisto", 1981), "Қалың дәптер" ("A nagy füzet", 2013) тәрізді үздік туындылар көрерменге ұсынылады.
Бұл көрсетілімдер «Цезарь» кинотеатрында ұйымдастырылады. Барлық картиналар түпнұсқа тілде орыс тіліндегі субтитрімен беріледі, деп хабарлайды kinostan.kz.