Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр

Алматыда медиамәдениетті саралаған халықаралық конференцияда өтіп жатыр

Алматыда «Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

  • 9 Қараша 2012
  • 385
Фото - Caravan.kz


. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып отыр. Оған еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласын зерттеуші көрнекті ғалымдар, жас ізденушілер және Орталық Азия халықтарының этномәдениетін зерттеуші шетелдік ғалымдар мен визуальды коммуникация саласының белгілі мамандары қатысуда. Конференция кезінде елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру — мемлекеттік саясаттың басты векторы; Қазақстандық БАҚ интеллектуалды қоғам қалыптастырудың ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде; Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі; Қазақ әдебиеті мен өнерінің интеллектуалды құндылықтарды қалыптастырудағы орны; Білім мен ғылым — өркениетті қоғам қалыптастырудың интеллектуалды қоры ретінде; Интеллектуалды әлеуетті арттырудағы гуманитарлық технологиялардың маңызы сияқты тақырыптар талқылануда. Конфереция барысында бұқаралық коммуникация, медиасемиотика және мәдениеттану салаларын зерттеуші ғалымдардың «Интеллектуалды ұлттан — интеллектуалды әлеуетке» атты ұжымдық монографиясы мен www.intelligent.kz гуманитарлық зерттеулер порталының тұсаукесері болады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар