Алматыда медиаторлар тренингі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда медиаторлар тренингі өтеді

Алматыда медиаторлар тренингі өтеді

Алматыда 15-19 шілде күндері медиация туралы тренинг өтеді.

  • 14 Шiлде 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оны «Медиация» бірыңғай медиация және келісім орталығы ұйымдастырып отыр. Бұл шараны Англия, АҚШ және Ресей елінде аккредитациядан өткен жаттықтырушы Светлана Романовскай (Савченко) жүргізетін болады.

«Медиация туралы» ҚР Заңына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 28 қаңтарда қол қойған еді. Ол енді алдағы тамыз айынан бастап өз күшіне енетін болады. Бұл заңның жобасын жасаушылардың бірі болып саналатын Светлана Романовская 2005 жылы Санкт-Петербор мемлекеттік университетінен медиатор мамандығын алып шыққан еді. Заң ғылымдарының кандидаты осы уақытқа дейін 360-тан астам тренинг өткізіп үлгерді. Халықаралық дәрежедегі медиатор дәрежесін дәлелдеп, ол қазақстандық және халықаралық соттарда төрелік сотты тәжірибеден өткізіп жүрген ол биыл «СEDR»- Centre for Effeсtive Dispute Resolution, London (Дауды тиімді шешу орталығы) халықаралық сыныптағы медиаторы дәрежесіне ие болды. Қазіргі таңда ҚР Президенті Ұлттық кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық сарапшылар палатасының, «Нұр Отан» ХДП-ның республикалық саяси кеңесі бюросының мүшесі, ТМД елдері Үйлестіру кеңесі төрағасының тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі орынбасары, Алматы қаласы мәслихатының депутаты,

ISO 26000 жөніндегі сарапшы, ҚР Парламенті мен мәслихатындағы заң шығару және нормативтік шығармашылық комиссияларының мүшесі, Қазақстан тұтынушылары ұлтық лигасының президенті, Мінсіз бизнес кәсіпорындары қауымдастығының президенті және «Медиация» бірыңғай медиация және келісім орталығының төрайымы болып жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар