Алматыда «Мейірім - жұлдыздар шамшырағы» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Мейірім - жұлдыздар шамшырағы» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті

Алматыда «Мейірім - жұлдыздар шамшырағы» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бүгін Алматыда қаладағы әлеуметтік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалардың қатысуымен «Мейірім - жұлдыздар шамшырағы» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті.

  • 26 Мамыр 2011
  • 694
Фото - Caravan.kz

Осымен үшінші рет ұйымдастырылған бұл шара «Тәуелсіздік қанатында» атты ұранмен ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен өткізіліп отыр.

Фестиваль аясында жас бүлдіршіндердің орындауындағы гала-концерт өтіп, іріктеу конкурсынан өткендерді марапттау рәсімі болды. Оған қаладағы балалар үйі мен арнайы түзету мектеп-интернатынан 1500-дей бала қатысуда.

«Фестивалдің негізгі мақсаты — балалардың көркемдік шығармашылығын арттырып, дарынды бүлдіршіндерді анықтап, мүмкіндігі шектеулі балаларға демеу көрсетуде меценаттар мен қайырымдылық бағдарламаларды тарту», -дейді «Марат Оспанов» қорының президенті Бақыт Оспанова.

Шара «Мейірім» фестивалінің әнұранымен ашылып, Тараз қаласынан келген «Айналайын» балалар сән театры қонақтарының қағаздан тігілген киім үлгілерінен тұратын «гүл шеруі» атты қойылымын көрді.

Конкурстың жеңімпаздары құттықтау қағаздарымен марапатталып, шараны ұйымдастырушылардың атынан теледидар, музыкалық орталық сияқты сыйлықтар табысталды.

Перейти к новостям спорта