Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған

Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған

Алматыда мектеп формасын киген жасөспірім оқушы қыздарды тістеп алған.

  • 6 Қыркүйек 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Мектеп чаттарының бірінде белгісіз жігіттің екі оқушы қызды тістеп алғаны жайлы хабарламалар алматылықтарды шошытты. "№35 мектептің чатынан. Назар аударыңыздар! Бүгін біздің мектептің маңында төтенше жағдай болды!!! Жігіт троллейбустан жүгіріп шығып, екі оқушы қызды (олардың бірі Татьяна Юрьевнаның оқушысы, 3-сыныпта) тістеп алды. Сондай-ақ, ол троллейбустың ішінде де әйел адамның қолын тістеп алған. Сосын барып троллейбустан шығып бастапқыда бірінші қыздың екі жерінен тістеп алған: бетінен және тағы бір жерінен (есімде жоқ), кейіннен аялдамадан сәл ары тағы бір қыздың басын тістеп алған. Қыздың басында тісі қалып кеткен. Полиция оларды әлі тапқан жоқ. Татьяна Юрьевна мен мектеп әкімшілігі бізді мектепке әкеліп және мектептен күтіп алуды сұрайды", — деп жазған Юлия Новикова Facebook желісіндегі парақшасында. №35 мектеп әкімшілігінің өкілдері өз кезегінде осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл оқиға 5 қыркүйекте шамамен сағат 13:00-де болған. "Балалар бірінші ауысымнан кейін ата-аналарымен бірге үйлеріне кетті. Қыздардың бірі әпкесімен Достық пен Қабанбай батыр қиылысында тұрған. Әпкесі сол сәтте анасымен телефонмен сөйлесіп тұрды. Бірде белгісіз бір жігіт бас салып, оқушы қызға қарай шабуылдаған. Барлығы бірнеше секундта болды. Әпкесі сіңлісін ер адамнан жұлып алды. Қараса, ол қыздың басын тістеп алған болып шықты. Содан жігіт № 11 троллейбуске жүгіріп отырып, Достық-Шевченко қиылысындағы аялдамаға дейін жетіп алып, анасы мен 3-сынып оқушысы тұрған жерге барған. Сол жерде ол қызға қарай шабуылдап, қолын тістеп алған. Сосын ол Достықпен жоғары қарай көтеріліп кеткен. "Қыздың басында тісі қалып кеткен" деген мәлімет асырып айтылған. Біз полицияға хабарластық, мектеп инспекторы барлығын күзетіп жүр", — деді мектеп директоры Ольга Прокопьева. Директордың айтуынша, шабуылдаған жігіт шамамен 13-16 жаста. Қара көк түсті мектеп формасын киген, рюкзагы болған.