Алматыда мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті
Алматыда Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпаратына сәйкес, 1986-1987-жылдары туған мектеп оқушылары гастроэнтероколит деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Соның алдында ғана мектеп-интернатта жаңа жыл мерекесі өткен.
Алғашқы бала түнгі сағат 12-де, ал соңғысы таңғы сағат 4-те ауруханаға жеткізілді.
Жатақханада 320 бала тұрады, олар бүгін, 26-желтоқсанда жаңа жыл мерекесіне орай үйді-үйіне тарауға тиіс.
Қазір тазалық-індет басқармасының күшімен эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда. Басқа да зардап шеккендер анықталу үстінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін