Алматыда мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті

Алматыда мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті

Алматыда Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаттың 8 оқушысы тағамнан уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 393
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 1986-1987-жылдары туған мектеп оқушылары гастроэнтероколит деген диагнозбен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Соның алдында ғана мектеп-интернатта жаңа жыл мерекесі өткен.

Алғашқы бала түнгі сағат 12-де, ал соңғысы таңғы сағат 4-те ауруханаға жеткізілді.
Жатақханада 320 бала тұрады, олар бүгін, 26-желтоқсанда жаңа жыл мерекесіне орай үйді-үйіне тарауға тиіс.
Қазір тазалық-індет басқармасының күшімен эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда. Басқа да зардап шеккендер анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар