Алматыда мемлекет басшысының қатысуымен "Отан" партиясының кезектен тыс сьезі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мемлекет басшысының қатысуымен "Отан" партиясының кезектен тыс сьезі басталды

Алматыда мемлекет басшысының қатысуымен "Отан" партиясының кезектен тыс сьезі басталды

Бүгін, 9-қыркүйекте Алматыда "Отан" партиясының кезектен тыс ҮІІІ сьезі басталды. Құрылтайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz



Құрылтайдың күн тәртібінде Нұрсұлтан Назарбаевтың атын республикалық «Отан» партиясынан президенттіктен үміткер ретінде ұсыну және өз кандидатын қолдау үшін партияның сайлау алдындағы блокқа бірігуі туралы екі негізгі мәселе талқыланады.
Сонымен бірге сьезд барысында партияның іс-қызметін талқылау, оның дамуы, ел президентінің стратегиялық жоспарларын қолдау және оны іске асыру, мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын халық арасында кеңінен насихаттау мәселелері талқыланады.
«Отан» партиясы 1999-жылдың қаңтарында құрылған. Сол жылғы 1-наурызда партияның алғашқы сьезі шақырылды. Бүгінде «Отан» партиясына 470 мың адам мүше. Республиканың барлық облыстарында партияның филиалдары бар. Қазақстан парламентінің мәжілісінде «Отан» партиясының 53 депутаты бар. Сонымен бірге «Отанның» 18 мүшесі сенатқа сайланды. Партияның 2240 мүшесі барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат болып сайланған.
Бүгінде партия төрағасының міндетін Бақытжан Жұмағұлов атқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта