Алматыда мемлекеттік бюджет түсімдері жыл соңына дейін 1,1 трлн. теңгеден асады
Алматыдан соңғы 2 жылда мемлекеттік бюджетке түсімдер 40 пайызға ұлғайды. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бесініш шақырылымдағы қалалық мәслихаттың ХІ сессиясында айтты. |
«Соңғы 3 жылда қалада 47 мың жұмыс орны құрылды. Қазіргі таңда мемлекеттік бюджет түсімдері 1 трлн. теңгені құрап отыр. Ол жыл соңына дейін 1,1 трлн. теңгеден асады. Қаланың мемлекеттік бюджеттегі үлесі 25 пайызды, ал республикалық бюджетте 29 пайызды құрайды», - деді шаһар басшысы А. Есімов.
Алматы қаласының алдағы жылғы бюджеті 287 млрд. 931 млн. 655 мың теңге көлемінде мақұлданып отыр. Онда қаржының басым бөлігі білім (48 млрд. 418 млн. 841 мың теңге), денсаулық (24 млрд. 591 млн. 361 мың теңге), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және энергетика (22 млрд. 705 млн. 649 мың теңге), көлік инфрақұрлымы (14 млрд. 70 млн. 400 мың теңге) салаларына бағытталған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін