Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-14 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті

Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтті

Мемлекеттік ту ұстаған 30 велошабандоз Алматының басты көшелерімен жүріп өтті.

  • 4 Маусым 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы велошабандоздары ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған акцияны аяқтады. Отыз спортшы еліміздің туын желбіретіп, қаланың басты көшелерімен жүріп өтті.

Акцияны мегаполистің белсенді жастары, спортшылар, еріктілер мен оқушылар қолдады.

Айта кетейік, мұндай веложарыс дәстүр бойынша жыл сайын өтеді. Осылайша велошабандоздар азаматтардың назарын еліміздің мемлекеттік рәміздеріне аударды.

Қатысушылар Б. Момышұлы – Мөңке би көшелерінің қиылысынан бастап, «Алматы Арена» спорт кешені ғимаратының алдында мәреге жетті.

Бұл жерде олар ҚР Әнұраны мен «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін шырқады.


Велошеруге Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов қатысты.

«Жыл сайын өтетін веложарысты спортшылар мен Алматы жастары қолдайды. Расында, мемлекеттік рәміздер еліміздің жеңісі әрі жетістіктерімен тығыз байланысты. Сондықтан біздің мемлекеттік рәміздер әлемдегі ірі спорттық іс-шараларда ерекше көзге түседі. Біздің отандық чемпиондарымыз олимпиадалар мен әлемдік жарыстарда еліміздің Туын мақтанышпен желбіретіп жүр», – деді ол.

Перейти к новостям спорта