Алматыда «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!» атты акция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!» атты акция өтті

Алматыда «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!» атты акция өтті

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күні мен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым!» атты акция болып өтті.

  • 5 Маусым 2011
  • 708
Фото - Caravan.kz

Шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов арнайы қатысты.

Мерекелік шара веложүгірумен басталды. Қатысушылар жүгіруді ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан бастап, мәре сызығын Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде аяқтады.

Қала басшысы барша жұртты айтулы да, қасиетті мерекемен құттықтады. «Ел рәміздері Тәуелсіздігіміздің басты белгісі, оларды жүрегіне басып, маңдайына кигізіп қадірлеу арқылы егеменді еліміздің еңселі азаматтары қалыптасады. Елдің келешегі жастардың қолында, саналы, әрі білімді жастары бар елдің қашанда мерейі биік, болашағы зор болмақ. Халықтың сіздерге артар сенімі үлкен, үміті зор, сіздерге жүктелетін жауапкершілік те, міндет те үлкен. Отанымызды мақтан тұту, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, Тәуелсіздігімізді бағалау біздің басты борышымыз! Тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз еңселі болуы үшін біз өз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз қажет. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтау мен құрметтеуден басталады. Біз қазір бұл жерден 110 метр биіктіктегі, ең үлкен және ең биік тұғырда орнатылған туымыз астында жиналып тұрмыз, осындай биіктікте тұрған Қазақ елінің туы еш жерде жоқ»,-деп атап өтті акцияның ашылу салтанатында Алматы әкімі Ахметжан Есімов.

Акцияға ҰОС ардагерлері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен спорт ардагерлері, өнер қайраткерлері және эстрада жұлдыздары, сонымен қатар, Алматы тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

Соңғы жаңалықтар