Алматыда мемлекеттік-жеке серіктестік туралы конференция өтеді
Алматыда 10-маусым күні І «Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталатын конференция болады. |
Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасудың ашық сұхбат алаңы болады деп отырған бұл шараны «Interconsult info» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырып отыр. Онда - «Ішкі капитал нарығы мүмкіндіктері», «Жеке бизнестің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жобаларына қатысуы - талаптар, бағалау, әрекет», «Инфрақұрылымдық жобалардағы зейнетақы қорларының инвестициясы», «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары: тәуекелдер, пайда, тиімділік», «Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерінің «өнімдер желісін» кеңейту», «Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы мемлекет пен жеке бизнестің өзара әрекеттестігі элементі ретінде» деген тақырыптар талқыға түседі деп жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін