Алматыда метро құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда метро құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгереді

Алматыда метро құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгереді

Алматыда метро құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгереді. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

  • 31 Мамыр 2017
  • 265
Фото - Caravan.kz

Алматы метросының «Сарыарқа» бекетінде жер асты  жүргінші жолының құрылысы 1 мамырдан басталады.

«Осыған байланысты Абай даңғылы бойындағы «Family park» аумағының батыс және шығыс бағыттарында көлік қозғалысы оңтүстігінде орналасқан бұрыннан бар айналма жол арқылы жүзеге асады. Қозғалыс әр бағыт бойынша үш жолақ арқылы қамтамасыз етіледі. Уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және өз бағыттарыңызды ертерек  белгілеп алуды өтінеміз», — деді басқармадан.

Айта кету керек, жақын орналасқан көшелердегі  көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүргізіледі.