Алматыда Microsoft Kazakhstan компаниясының әріптестік форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Microsoft Kazakhstan компаниясының әріптестік форумы өтеді

Алматыда Microsoft Kazakhstan компаниясының әріптестік форумы өтеді

8 қарашада Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде Microsoft Kazakhstan компаниясының «Жаңа дәуір. Біргеміз» атты әріптестік форумы өтеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Форум барысында оған қатысушылар Microsoft компаниясының жаңа өнімдерімен және шешімдерімен танысып, маркетинг мен сату мәселелерін, әріптестік бизнесті дамыту жайын талқылайтын болады.

Форумда Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры Мартин Кверк, Microsoft компаниясының Multi Country аймағы бойынша бас директоры Такуя Хирано, Қазақстандағы Microsoft-тың бизнесті дамыту жөніндегі директоры Вероника Прикрылова, маркетинг бөлімінің жетекшісі Тибор Колеяк баяндама жасайды.

Конференци барысында компьютерлік техника өндірушілері өздерінің соңғы жасалымдарымен таныстырады және Microsoft-тың жаңа өнімдері көрсетіледі. Ал Nokia Kazakhstan компаниясы шолу таныстырылымын және конкурстарды өткізеді, олардың барысында ұялы телефондар ұтысқа шығарылады.

Соңғы жаңалықтар