Алматыда "Мигрант" операциясы өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Мигрант" операциясы өткізілуде

Алматыда "Мигрант" операциясы өткізілуде

Алматы полициясы "Мигрант" арнайы операциясының кезекті сатысын өткізуде.

  • 9 Маусым 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мұндай операцияны өткізу заңсыз көші-қон құбылысының республикадағы, әсіресе Алматы қаласындағы демографиялық және қылмыстық ахуалға әсер ететіндей ағымға бет бұрып, жалпылама сипатқа көшуі түркі болып отыр.

Атап айтсақ, бүгінде Алматыда тіркелетін пәтер тонау және қалта қағу, алдамшылық және жезөкшелікпен айналысу тәрізді құқық бұзушылық көріністерінің 40 проценті келімсектермен тікелей байланысты болып отыр.
Операция аясындағы тек соңғы екі күнде Алматы ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 500-ден астам ТМД азаматтарын ұстап, арнайы қабылдау бөлімшесіне тоғытты. Тексеру кезінде олардың барлығы да тиісті ішкі істер мекемесінде тіркелмеген, немесе тіркеу мерзімі өтіп кеткен болып шықты. Ал кейбіреуінде жеке басын куәландыратын құжат мүлдем болмай шыққан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы аудандық соттары ҚР аумағынан аластау туралы шешім шығарғаннан кейін заңсыз мигранттар еліміз аумағынан депортацияланады.
2003-жылдың 5 айында Алматыға заңсыз келген мигранттар саны 70 мың адамнан асқан.
Мамандардың пікірінше, Қазақстанға заңсыз келетін мигранттар санының артуына республикадағы тұрақтылық пен жұмыс табу мүмкіндігі әсер етіп отыр.
2-маусымнан басталған «Мигрант» арнайы операциясының кезекті сатысы 10 күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар