Жарияланды: 560

Алматыда «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттаудың 12-ші рәсімі өтеді

1-маусым күні Алматы каласындағы «Метро» сауда орталағында «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» ЗТБ және «Мінсіз бизнес кәсіпорны қоғамдастығының» ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттаудың 12-ші рәсімі өтеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының» ЗТБ басшысы Светлана Романовская мәлім етті. Оның айтуынша, бұл күні дәстүр бойынша үздік белгісін жетілген, дамыған бизнес жасауға ұмтылатын мінсіз компаниялар, халық мойындаған ең сапалы тауар мен қызмет көрсететін өндірушілер иеленбек. "Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазақстандық тұтынушыларға кімнің "мінсіз" екендігін, кім "мінсіз" тауар шығаратынын көрсету болып табылады. Бұл мереке аясында тұтынушылар "мінсіз" деген атқа лайық болған компания өнімдерімен қатар, олардың басшыларымен таныса алады, отандық өндірушілердің ең үздік тауарларының дәмін татып, көптеген пайдалы ақпараттар мен кеңестер ала алады. Ол ең алдымен дұрыс таңдау жасауыңызға ықпал етеді. "Мінсіз тауар" - ол Қазақстанның болашағы. «Мінсіз» халықтық сапа белгісі ол ең алдымен халық таңдауы",-деді аталмыш шараның ұйымдастырушысы Светлана Романовская. Оның айтуынша, бұл шара тұтынушылармен тікелей жұмыс жасауға негізделген Қазақстандағы жалғыз жоба. "Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы Қазақстан нарығындағы барлық тауарлар мен қызмет түрлерінің сапасын тікелей бақылап отырады. Осылайша, өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің жұмыс сапасын көтеруге ынталандырудамыз, ол ең алдымен компанияның беделін көтеруге, сонымен қатар, қазақстандықтардың өмірін жақсартуға ықпал етпек. Мәселен, өткен жылы біздің ұйымға 20 000- нан астам шағым түсті, оның ішінде 7 139-коммуналдық қызметтер, 3 568-туризм және авиабилеттер, 2 973 -ЖПҰ (жеке меншік пәтерлер ұжымы) қызметтері, 1 388-телекоммуникация қызметтері, 595-тұрмыстық құралдар, 396-банктік және басқа да қаржы қызметтері, 396-еңбек мәселелері, 198-білім жайында, 119-дәрігерлік қызметтер, химиялық тазалау - 159, 139-басқа да қызметтер бар. Осы мерзім ішінде тұтынушыларға сапасыз тауарлар мен қызметтер ұсыну негізінде сотсыз 19 823 іс тұтынушы пайдасына қаралды, жалпы сомасы 87 млн. теңгеден астам, сот арқылы-61 іс, оның ішінде-49 іс тұтынушы пайдасына шешілді. 130 млн-нан астам теңгеге моральдық және материалдық нұқсан келтірген 49 іс тұтынушы пайдасына шешілді",-деді ол. Светлана Романовскаяның айтуынша, «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен Тәуелсіз тұтынушы сараптама орталығымен анықталған ең жақсы тауар шығарушы марапатталмақ. "«Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттау жобасы - тауар және қызмет нарығында дамыған қарым- қатынас жасау имиджін жақсартып және отандық тауар өндірушілердің нарықта өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өздерінің тауар сапасының қамын, қызмет және жұмыс, нарықты опасыз кәсіпкерлерден қорғау істерін жүзеге асыру үшін құрылды",-дейді ол. Бұл іс-шара бір күнге созылады және шеру ретінде өткізілмек. Промо-акцияға 100-ден астам компаниялардың ұсынған тауарлары мен қызметтерін дегустациялауға және тестен өткізуге әрбір тұтынушы қатыса алады. Іс-шараға қатысушыларға арнайы ойындар, сыйлықтар, сауықтар және эстрада жұлдыздарының катысуымен өтетін концерттер қарастырылған. 2000 жылдан бері Қазақстан аумағында және қазақстандық, болгариялық, ресейлік және өзге де таяу және алыс шет мемлекеттерінде өз қызметтері мен тауарларын ұсынған 112 компания «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін