Алматыда мүгедек немересін аяусыз соққыға жыққан ресейлік зейнеткер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мүгедек немересін аяусыз соққыға жыққан ресейлік зейнеткер ұсталды

Алматыда мүгедек немересін аяусыз соққыға жыққан ресейлік зейнеткер ұсталды

Алматыда туғаннан сал ауруымен ауыратын 6 жасар немересін аяусыз соққыға жыққан РФ азаматы ұсталды. Бұл туралы жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзі хабарлады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жуырда «жедел жәрдем» көлігі Саин көшесі бойындағы үйлердің бірінен «бас сүйегі мен миы зақымданып, көптеген дене жарақатын алған» 6 жасар қызды №1 балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. ІІ топтағы мүгедек бүлдіршіннің балалар үйінің тәрбиеленушісі екені белгілі болды.

«Оқиға орнына келген полицейлер қыздың әжесін тұтқындады. 73 жастағы зейнеткер немересін балдақпен ұрғанын мойындады», — дейді ақпарат көзі.

Соңғы жаңалықтар