Оның айтуынша, жуырда «жедел жәрдем» көлігі Саин көшесі бойындағы үйлердің бірінен «бас сүйегі мен миы зақымданып, көптеген дене жарақатын алған» 6 жасар қызды №1 балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. ІІ топтағы мүгедек бүлдіршіннің балалар үйінің тәрбиеленушісі екені белгілі болды.
«Оқиға орнына келген полицейлер қыздың әжесін тұтқындады. 73 жастағы зейнеткер немересін балдақпен ұрғанын мойындады», — дейді ақпарат көзі.