Алматыда "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының жаңа жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының жаңа жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылуда

Алматыда "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының жаңа жобасы бойынша қоғамдық тыңдау ұйымдастырылуда

Бүгін, 13-маусымда Алматыда "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР заңының жаңа жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Маусым 2003
  • 1007
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық тыңдау жоғары білімді мүгедектердің «Намыс» қоғамдық бірлестігі мен саңырауларға қолдау көрсету жөніндегі «Үміт» орталығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының қабылданғалы отырған жаңа нұсқасы жеке тұлға және қоғамдық ұйым өкілдері ретіндегі мүгедектердің , жалпы мүгедектер қауымының іс-қызметтерін реттейтін негізгі заң болып табылады.
Қоғамдық тыңдауда қоғамдық ұйым өкілдері заңның жекелеген баптары бойынша пікір алмасады. Мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын жүзеге асыру мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше ұсыныс енгізіп отыр. Олардың арасында мүгедектердің тұрмыстық ортасын жақсартуға, олардың әлеуметтік сала нысандарына кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасауға, мүгедектер үшін қоғамның барлық салаларында тең құқық пен мүмкіндіктер тудыруға, мүгедектердің қоғамға әлеуметтік интеграциялануына жағдай жасауға қатысты талаптар бар.
14-маусымда аяқталатын қоғамдық тыңдаулар нәтижесінде мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының біріккен ұсыныстары жаңа заң жобасына талқылап енгізу мақсатымен үкіметке , одан әрі ҚР парламентіне жолданады.

Соңғы жаңалықтар