Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған экологиялық дискотека ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған экологиялық дискотека ұйымдастырылды

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған экологиялық дискотека ұйымдастырылды

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы" оңалту орталығында (РЦ «АРДИ») мүмкіндігі шектеулі балалар үшін "Ғаламшарды құтқарамыз!" атты экологиялық дискотека ұйымдастырылды.

  • 31 Мамыр 2011
  • 588
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шара «Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы» оңалту орталығы, «Panasonic (CIS) АҚ, Алматы интернационалдық әйелдер клубының ұйымдастыруымен өткізілді.

Мерекеге 70-тен аса мүгедек балалар және олардың ата-аналары қатысты. Олар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Шараға қатысқан әнші Ерлан Көкеев, «К7», «Эверест», «Е-Мае», «AmetisT» және «New World» топтары балаларды мерекемен құттықтап, олар үшін арнайы өнер көрсетті.

» Барлық шаралар бүгін тек балалар үшін ұйымдастырылуда. Біз олардың бар көңілімен қуанғанын, шаттанғанын, көңіл көтергенін, дем алғанын қалаймыз»,-деп атап өтті «Мүгедек балалар ата-аналарының қауымдастығы» оңалту орталығының директор міндетін уақытша орындаушы Ринат Мұхаметшин.

Оның айтуынша бұл күнге «Panasonic» компаниясы «Экоидея» жобасы аясында орталықтың аумағына арнайы гүлдер мен әр түрлі өсімдіктерді отырғызып сыйға тартқан.