Әлеуметтік маңызды іс-шараны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Арнайы және инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
– Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл жұмыс істеудің кешенді тәсілі мен әртүрлі бағыттағы мамандардың ерекше назарын талап ететін халықтың ерекше санаты. Оларды әлеуметтендіру, бейімдеу және қоғамға интеграциялау үшін мемлекеттің заңнамасы мен әлеуметтік саясаты деңгейінде сындарлы шешімдер қажет; олар үшін медициналық, психологиялық және білім беру қызметін жетілдіруді жалғастыру және инклюзияның жаңа заманауи тәсілдері мен тәжірибелерін іздеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен білім беру процесіне енгізу маңызды, – дейді Қор жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.
Шешімдер мен идеяларды іздеуге кіріспес бұрын бұл бағыт бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын білу маңызды. Семинар-тренинг осы мақсатта ұйымдастырылды. Оған арнайы білім беру ұйымдары мен медициналық-әлеуметтік мекемелердің өкілдері қатысты.
— Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті. Арнайы білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып, әрі қ
арай бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік ашылды. Семинар соңында қатысқан мамандарға арнайы сертификаттар тапсырылды. Іс-шараны ұйымдастырған Гульнара Орынбасарқызына және Алмагүл Дәулетқазықызына зор алғысымызды білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!, — деді семинарға қатысушы Медеу ауданы әкімі аппараты мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуларды бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін #2 бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнәр Шайхова.
Сарапшылар түрлі санаттағы балалар мен олардың отбасыларына мемлекеттік қолдаудың заңнамалық негізі мен жүйесі; мүмкіндігі шектеулі балаларды қалай тәрбиелеу, оқыту және түрлі қызмет көрсету; мүгедек және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен әлеуметтік әріптестік және т. б. түйткілдерді кеңінен ашып, көрсетті.
Іс-шара пікір алмасумен және сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.