Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Наурыздан бастап мына мекенжайларда кезекші ХҚКО-лар ашық болады:
- Алатау ауданы – Нұркент шағынауданы, 5/17;
- Алмалы ауданы – Бөгенбай батыр көшесі, 221;
- Бостандық ауданы – Алмагүл шағынауданы, Ходжанов көшесі, 9а.
Жұмыс уақыты:
- Аптаның жұмыс күндері – сағат 9:00-20:00;
- Сенбі күні – сағат 9:00-13:00-ге дейін.
Саялы және Кемел шағынаудандарында орналасқан арнайы ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды, алайда өтініштерді тек 18:00-ге дейін беруге болады, ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады. Сенбіде өтініштерді қабылдау уақыты 12:00-ге дейін шектеледі, ал құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.