Алматыда "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы форум өтеді

Алматыда "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы форум өтеді

Алматыда "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы форум өтеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ХДП қалалық филиалы төрағасының орынбасары Тоқмұхамед Садықов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Форумда партияның Алматы қалалық филиалының жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы қорытынданып, қалалық құқық қорғау органдарының жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысы тыңдалады. Оған қоса жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жөніндегі міндеттер мен шаралар айқындалады. Форум барысында жемқорлыққа қарсы күрестегі мемлекеттік органдар арасындағы үздік қойылым бойынша қалалық конкурстың нәтижесі де жарияланбақ. Форумға қалалық құқық қорғау орындары мен бақылау орындарының, жоғары оқу орындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысады.

Т.Садықовтың айтуынша, 22 қазанда «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен Алматы қалалық прокуратурасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар