Жауап беруші жақ сотқа Қапашеваның жолдасы іздеуден табылғанша сот талқысын тоқтата тұру жөнінде өтініш берді. Сот өтінішті кері қайтарды.
Осыған дейін хабарлағандай, ақпан айының басында А.Қапашева мен Назира Базарбаева- «Нұрбанктің» бұрынғы басқарма төрағасы Әбілмәжін Гылымовтың әйелі — Р.Әлиевті жолдастарын заңсыз бас бостандықтарынан айырды деп жариялы түрде айыптаған болатын. Р.Әлиев сотқа беделіне кір келтіргені үшін әрқайсысынан моральдық шығын ретінде 1 млн теңге айыппұл алып беруді сұрап шағымданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті