Аталмыш кітаптар ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарыққа шықты.
Тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласы әкімдігі мен Мәдениет министрлігінің өкілдері, танымал жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысады.
Басылымдардың таныстырылымынан кейін Қазақ мемлекеттік филормонияның үлкен залында Н.Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің концерті өтеді. Дирижері — Динара Тілендиева.
Нұрғиса Тілендиев — қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол — 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Ол мол мұрада ән де, күй де, романс, уветюра, поэма, кантата, опера, балет те бар. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу-нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Бұнымен қатар, ұлы тұлға қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған.
Қазақстан Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО халық әртісі Н.Тілендиевке 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді.