Алматыда Ө. Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ө. Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

Алматыда Ө. Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

Бүгін Алматы қаласы тарихының мұражайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлыдан ұлағат, ұрпаққа мұрағат» атты еске алу кеші өтті.

  • 24 Мамыр 2011
  • 870
Фото - Caravan.kz

Ө.Жәнібеков 1988 жылы қазақтың бес арысы — Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов ісін қайта қарайтын ҚКП Орталық Комитетінде арнайы комиссия ұйымдастырып, аталған қоғам қайраткерлерінің есімдерін туған халқына қайта оралуына белсене атсалысты. Оның жасампаз өмірі мен халық үшін жасаған қызметі тәуелсіздігіміздің тарихындағы алғашқы қадам екені айқын.

Кеш аясында қуғын-сүргін тақырыбындағы материалдардан көрме ұйымдастырылып, Ө.Жәнібековтың тікелей бастауымен қалпына келтірілген құнды жәдігерлер топтамасы қойылған.

Сондай-ақ жиынға ғалымның отбасы, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және тарихшылар қатысып, Ө.Жәнібеков жайында сыр шертіп, оның ерен еңбектері жайында естеліктер айтты.

Аталған іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған.

Перейти к новостям спорта