Алматыда О.Досбосыновты еске алуға арналған халықаралық айтыс мәреге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда О.Досбосыновты еске алуға арналған халықаралық айтыс мәреге жетті

Алматыда О.Досбосыновты еске алуға арналған халықаралық айтыс мәреге жетті

Алматы қаласында отызға жетпей, өмірден ерте кеткен ақтаңгер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған

  • 1 Маусым 2015
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Құлмамбеттің құлыны» атты халықаралық айтыс мәреге жетті. 

Студенттер сарайында өткен додада бас жүлдені жас ақын Болатбек Оразбаев жеңіп алып, оған Алматы облысының әкімдігі тағайындаған 1 млн. теңге және О.Досбосынов атындағы кубок берілді. Бірінші орынды еншілеген Ринат Заитовқа О.Досбосыновтың туыстары атынан автокөлік сыйға тартылды. Сондай-ақ финалда Р.Заитовпен айтысқан батысқазақстандық Бауыржан Халиолла мен Айбек Қалиев — екінші, Бақыт Жағыпар мен Шәкен Рахметолла үшінші орынды иеленді. Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназарға домбыра тарту етілді. Финалға шықпаған ақындардың барлығына 100 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.


Перейти к новостям спорта