Жарияланды: 370

Алматыда ойыншық тапанша кезеп, жұртты тонап жүрген 4 студент ұсталды

Алматыда ойыншық тапанша кезеп, жұртты тонап жүрген 4 студент ұсталды. Бірге оқитын жігіттер, жатақханада да бірге тұрады екен.

- Қай жерден?

-Семейден.

-Бірге оқисыңдар ма? 2-курс?

- Иә.

- Жасың қаншада?

- 19-да.

- Ұрлыққа не үшін бардың?

- Айта алмаймын.

Қару кезеп, көшеде ел тонап жүрген төртеу туралы ақпарды 102 телефонына зардап шегушінің бірі түсіріпті. Айтылған жерге шұғыл жеткен полиция қарақшыларды тағы бір адамды тонап жатқан сәтінде құрықтаған. Тінту барысында қалталарынан ұрланған бірнеше қол телефон мен тапанша шыққан. Бірақ сырт қарағанда шынайы болғанымен, қару жай ойыншық екен. Қазір күдіктілер тергеу абақтысына қамалып, тағы қанша адамның қалтасына қол сұққаны анықталуда. Енді ойнап жүріп от басқан 4 студент кемі 3 жылдан арқалауы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін