Алматыда ондаған үй су астында қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ондаған үй су астында қалуы мүмкін

Алматыда ондаған үй су астында қалуы мүмкін

Алматыда ондаған үй су астында қалуы мүмкін! Іргедегі өзеннің жан-жағын жөндеу жұмысын бастаған мердігерлер жұртты қауіпті жағдайда қалдырды. Олар құрылысты бітірмей, жарты жолда тастап кеткен. Енді арнасы жөнді ретке келтірілмеген өзен суы аулаларға дейін жетіп отыр. Ықшамауданның іші ми батпаққа айналған. Жұрт көктем келсе, топан судың астында қаламыз ба деп қауіптенеді.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 187
Фото - Caravan.kz

Алматының мына шеткі ықшамаудандағы өзен 3 айдан бері жұрттың бас ауруына айналған. Жаз мезгілінде әлдебіреулер келіп, жұртқа ескертпестен өзеннің айналасын қалпына келтіру жұмыстарын бастапты. Бірақ тамыз аяқталысымен жарты жолда құрылысты тастап кеткен. Енді, арнасы дұрыс ретке келтірілмеген өзеннің суы үйлерді шая бастады.

— Атқарған істерінің ешбірі ережеге сай келмейді. Жұмыс істеген жерлерін де тегістемей, қалай болса солай тастап кетті. Батпаққа батып отырмыз.Міне, бақшамның бәрін су шайып кетті.

Әсіресе, бұдан өзеннен таяқ тастам жерде тұратын тұрғындар зардап шегіп отыр. Әбден ылғалданған үйлерге түрлі жәндіктер де үйір бола бастапты. Тіпті жұрттың қалаға шығатын жалғыз жолы да батпаққа айналған.

Бастаған жұмысын аяқсыз қалдырған мердігер компания тұрғындарға бөлінген қаржының біткенін айтыпты. Дегенмен, Сұлтан-Қарасу өзенін қайта қалпына келтіру үшін 400 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген екен. Ал шенеуніктер құрылыстың негізгі жұмыстары біткен дейді. Бірақ, өзен айналасының қазіргі күйіне қарап бұған сену қиын.

Айдын Темешев, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

— Негізгі жұмыстары бәрі біткен құрылыс жұмыстары.Қазіргі таңда мердігер компаниясы артынан қалған қоқыстар бар одан біздің тарапымыздан, басқа органдардың тараптарынан берілген нұсқаулар бар, солардың бәрін орнына келтіру жұмыстарын атқарып жатыр.

Енді бәрін 1 аптаның көлемінде жөнге келтіреміз деп сендірді қала әкімдігіндегілер. Кейін құрылысы біткен өзен желтоқсанның соңына дейін қоммуналдық мекемеге өтпек. Ал қазірдің өзінде суда қалып жатқан жұрт көктемгі жайы қалай боларына бас қатырып жүр.

Соңғы жаңалықтар