Онда 8-20 сәуір күндері «Коллекциялық кескіндеме, графика және декоративті-қолданбалы өнер» деген тақырыпта көрме ұйымдастырылған болатын. Онда жұртшылық назарына Әбілхан Қастеев, Жанат Шәрденов, Салихитдин Айтбаев, Әубәкір Ысмайылов, Сахи Романов, Молдахмет Кенбаев, Иван Шишкин, Николай Каразин, Виктор Уфимцев, Сергей Калмыков сияқты суретшілердің шығармалары ұсынылды. Бұл шара барысында сондай-ақ, «Өнер» аукцион үйінің сарапшылары іріктеп алған туындылардың аукциондары жоспарланған еді. Саудаға шығырылған туындылардың бастапқы бағасы — 500 АҚШ долларын құрап отыр.