Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын ауыр жарақаттаған ер адам іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын ауыр жарақаттаған ер адам іздестірілуде

Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын ауыр жарақаттаған ер адам іздестірілуде

Қазақстанның бірнеше аймағының полициясы Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын ауыр жарақаттаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.

  • 5 Шiлде 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 мамыр күні таңғы сағат 5-те Сәтпаев көшесіндегі «CNN» түнгі клубының қасында болған.

«Ер адам 49 жастағы шетелдікті травматикалық тапаншадан жарақаттап, қашып кеткен. Оңтүстіккореялық азамат орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды», – деп хабарлайды дереккөздер.

Олардың айтуынша, полиция күдіктінің кім екенін анықтаған, нақтыланбаған мәліметтерге сәйкес, бұл Жамбыл облысының 23 жастағы тумасы.

Шетелдікке жасалған қарулы шабуыл оны тонау мақсатында жасалды ма, әлде бұзақылық болды ма, мұны құқық қорғау органдарының өкілдері айта алмады.

Соңғы жаңалықтар