Олардағы бар жаңа дерек бойынша, 24 мамырда таңғы 5-тер шамасында Алматының Бостандық ауданында Сәтпаев көшесінің маңында орналасқан «CNN» түнгі клубынының жанында 49 жасар шетелдік азаматты жарақаттаушы тапаншамен басынан атып кеткен. Полиция оқиға орнынан жасырынып кеткен күдіктілерді іздеп тапты.
«Олардан жауап алу барысында қалалық клиникалық ауруханада қаза болған шетелдікке оқ атқан олардың 33 жасар танысы екендігі анықталды», — деді сұхбатшымыз.
Полицейлер адам өлтірген деп күдіктелген азамат өзін-өзі асып өлгенін нақтылады. 26 мамырда, бұрын ұрлығы үшін сотталған азаматтың денесі, Алматыдағы ботаникалық бақ территорриясында табылды.
Құқық қорғау органынан хабарлағандай, шетелдіктің өліміне себеп болған қылмыстық оқиға бұзақылықтан орын алған.