Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын өлтірген, бұрын сотталып шыққан азамат, өзін-өзі өлтіріпті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын өлтірген, бұрын сотталып шыққан азамат, өзін-өзі өлтіріпті

Алматыда Оңтүстік Кореяның азаматын өлтірген, бұрын сотталып шыққан азамат, өзін-өзі өлтіріпті

Алматыдағы «CNN» кафесінде әкімші болып қызмет атқарған Оңтүстік Кореяның азаматын өлтірген, бұрын сотталып шыққан Алматының жұмыссыз азаматы, қылмыс жасағаннан екі күн өткен соң, өзіне-өзі қол жұмсап өлді, деді құқық қорғау органындағы дереккөз.

  • 6 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Олардағы бар жаңа дерек бойынша, 24 мамырда таңғы 5-тер шамасында Алматының Бостандық ауданында Сәтпаев көшесінің маңында орналасқан «CNN» түнгі клубынының жанында 49 жасар шетелдік азаматты жарақаттаушы тапаншамен басынан атып кеткен. Полиция оқиға орнынан жасырынып кеткен күдіктілерді іздеп тапты.

«Олардан жауап алу барысында қалалық клиникалық ауруханада қаза болған шетелдікке оқ атқан олардың 33 жасар танысы екендігі анықталды», — деді сұхбатшымыз.

Полицейлер адам өлтірген деп күдіктелген азамат өзін-өзі асып өлгенін нақтылады. 26 мамырда, бұрын ұрлығы үшін сотталған азаматтың денесі, Алматыдағы ботаникалық бақ территорриясында табылды.

Құқық қорғау органынан хабарлағандай, шетелдіктің өліміне себеп болған қылмыстық оқиға бұзақылықтан орын алған.

Соңғы жаңалықтар