Алматыда оқ тиіп жаралаған екі адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқ тиіп жаралаған екі адам ауруханаға түсті

Алматыда оқ тиіп жаралаған екі адам ауруханаға түсті

Алматыда төбелес барысында оқ тиіп жаралаған екі адам ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2005
  • 368
Фото - Caravan.kz

27-сәуірде 16 сағатта Полицияның шұғыл басқару орталығына Пушкин және Мәметова атындағы көшелерінің қиылысында төбелес кезінде қару пайдаланылғаны туралы ақпар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен «Боран» тобының тәртіп сақшылары мен учаске инспекторлары төбелеске қатысқан үш адамды тұтқындады. Оқ тиіп жараланған екі адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнындағы тексеру кезінде «ОСА» тапаншасынан атылған екі резеңке оқ табылды.
Қазір полиция қызметкерлері жаңжалға қатысқан басқа да адамдарды анықтауда.

Перейти к новостям спорта